Бейімбет Майлин ауданы Тобыл ауылының маңындағы Қостанай – Қарабұтақ автожолында Kia Sorento және DAF автокөліктерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша, салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Kia Sorento автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, DAF жүк автокөлігімен соқтығысқан.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады.
Қостанай облысы полиция департаменті жүргізушілерді Жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, жол және ауа райы жағдайларын ескере отырып қауіпсіз жылдамдықты таңдауға, қауіпсіз арақашықтықты сақтауға және қарсы қозғалыс жолағына шықпауға шақырады.
