Қостанайда мемлекеттік қызметшілер арасында өткен «Тіл шеберлері» байқауы мәресіне жетті. Ұйымдастырушылар – «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы мен «AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалы. Байқау ұлттық жобалар аясында қолға алынып, үш тілде еркін сөйлеудің маңызын насихаттауды мақсат етті.
Әулиекөл ауданында «Таза бейсенбі» акциясы аясында батыр рухына тағзым етілді
Әулиекөл ауданында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетовтің ескерткішіне тағзым ету іс-шарасы өтті.
Қостанайда қылқаламын серік еткен соғыс ардагері тұрады
Жеңіс күні қарсаңында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы департаментінің әскери қызметшілері, шекара қызметінің ардагерлері және «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, екінші дүниежүзілік соғысының ардагері, шекарашы-радист Андрей Яковлевич Шаровты жыл сайынғы дәстүр бойынша құттықтап барды.
Жайлы мектептердің жартысына жуығы ауылдарда салынып жатыр
Қазақстанда заманауи, қауіпсіз және қолжетімді білім беру ортасын құруға бағытталған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асуда.
Арқалық қаласының азаматы Президенттен «Алғыс» алды
Арқалық қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Данияр Қожахметов «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене қатысқаны үшін Президенттен қолынан «Алғыс» алды.
Қостанай ауданының елді мекенінде құқық кабинеті ашылды
Қазақстан Республикасы әділет органдарының негізгі міндеттерінің бірі – азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған кең көлемді құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Осы бағытта елімізде нақты шаралар қабылданып жатыр, соның бірі – ауылдық жерлерде құқық кабинеттерін ашу.