Президент мемлекеттің қаржысын қатаң үнемдеу режимін енгізілгенін, қаражат зардап шеккен халыққа бөлінетінін жеткізді.
Он екі ауылда жарық жоқ
Облыста тасқыннан зардап шеккен 37 ауылдың 25-іне жарық берілді. Қалғаны 11 ауыл. Бұларда 744 адам тұрады.
Су тасқынынан зардап шеккендерге 15 мамырға дейін барлық өтемақы төленеді
Өңірде су тасқыны толық тұрақталды. Бұл туралы бүгін өткен кеңесте облыс әкімінің орынбасары Арман Әбенов мәлімдеді.
Kia зауытында 1500 адам жұмыс істейтін болады
Қостанайда салынып жатқан Kia зауытының 98 мың шаршы метрлік ғимараты жыл аяғына дейін салынып бітеді деп жоспарланып отыр. Бүгін аталған компанияның Президенті Хо Сун Сон өңірге келіп, құрылыс жұмыстарын барып көрді.
Қостанайға “Орталық” өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы келді
Бүгін “Орталық” өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сәкентай Шекарбеков жұмыс сапарымен келіп, 6697 әскери бөлімінің жаңа модульдік ғимаратында жеке құраммен кездесу өткізді.
Қостанайда 7 адамды кене шақты
Мамандар күн жылынысымен жұқпалы ауруларды тасымалдайтын қауіпті жәндіктердің белсенді бола бастайтынын ескертеді.
Қаржы мониторингі агенттігі гидротехника нысандарын күтіп-ұстауға бөлінген 1 млрд теңгенің жымқырылғанын анықтады
Қаржы мониторингі агенттігі гидротехникалық нысандарын күтіп-ұстауға бөлінген қаржыны тексеріп, 1 млдр теңге шығын келгенін анықтаған.
Құстар миграциясы өткен жылдардан сәл кешеуілдеп жатыр. Қорықшы себебін айтты
Қамысты өңірі өзен-көлге бай, аң-құстың әрі-бері кедергісіз өтетін үлкен дәлізі. Бұл өңірдегі Талдыкөл-Қулыкөл айдындары арқылы көктем уақытында солтүстікке, солтүстік-шығыс пен солтүстік-батысқа және күзде кері қарай миллиондаған құстар ағылып жатады.
Қыр қызғалдағын теремін деп айыппұл арқалап жүрмеңіз
Науырзым қорығының мамандары қызғалдаққа қызығып, құшағын гүлге толтыратындарға заң қатаң екенін ескертеді.
Қостанайда өртке қарсы шаралар басталды
Қостанай қаласы ТЖБ бастығының міндетін атқарушы Ерден Нұржанұлы өрттің көп жағдайда азаматтық қорғау органдарының бақылауынан тыс нысандар мен тұрғын үй аумағында орын алатынын айтып отыр. Осы бастан қауіптің алдын алу үшін мүдделі органдарға хат жолданған.