Он екі ауылда жарық жоқ

Он екі ауылда жарық жоқ

Облыста тасқыннан зардап шеккен 37 ауылдың 25-іне жарық берілді. Қалғаны 11 ауыл. Бұларда 744 адам тұрады.

Облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Дәурен Асқаровтың айтуынша, бір апта ішінде, яғни, 17-23 сәуір аралығында «Қостанай оңтүстік электр желілері» ЖШС-нің қызметкерлері 22 елді мекен немесе 3 056 абонентті электрмен жедел қамтамасыз еткен.

“Жөндеу-қалпына келтіру бригадалары ауа райының қолайсыздығына қарамастан, ауылдарды жарықтандыру үшін шұғыл шаралар қабылдады. Облыстың авариялық қайта қалпына келтіру бригадалары тәулік бойы жұмыс істеді. Бірінші кезекте желілер мен қосалқы станциялар іске қосылды. Бүгінгі таңда Қызылжұлдыз, Қабырға, Сымтас, Сарысу, Тентексай, Ахмет Байтұрсынұлы, Ақкөл, Бидайық, Ақшығанақ, Шеген, Түйемойнақ, Қарғалы тәрізді 10 елді мекен және 2 бөлімшеде электр жарығы жоқ. Аталған ауылдарға электр желісін тартуға бағандардың судың ортасында қалуы себеп болып тұр. Құлаған бағандарды шығару, материалдарды тасымалдау қиынға соғып отыр. Су деңгейі жарты метр, кей жерлерде екі метрге дейін жетеді. Қазіргі уақытта барлық ірі елді мекендерде электр жарығы қалпына келтірілді. Жөндеу-қалпына келтіру бригадалары елді мекендерді мүмкіндігінше тезірек үйреншікті өмірге қайтару үшін зақымдалған инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жарықсыз отырған шағын аелді мекендерге дизельді генераторлар жеткізілді. Жөндеу жұмыстарына барлығы 35 адам, 11 арнайы техника жұмылдырылды”, – дейді Дәурен Асқаров.

Облыста барлығы 1174 баған құлаған. Жақын арада Шеген, Ақшығанақ ауылдарына,Түйемойнақ, Қарғалы елді мекендеріне электр желісін тарту үшін 23 баған ортнатылмақ. Электрмен жабдықтауды қалпына келтіру мақсатында бүгін “ҚОЭЖ» КМК мен мердігерлік компания арасында шартқа қол қойылды. Мердігерлер шартқа қол қойылған күннен бастап төрт ай ішінде барлық жұмысты аяқтауға тиіс. Шалғай ауылдарды электрмен қамтасыз ету мәселесі тұрақты бақылауда тұр. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмысты жеделдету үшін ширақ қимылдауды міндеттеді.

Әлібек ЫБЫРАЙ

Жаңалықтармен бөлісу