Kia зауытында 1500 адам жұмыс істейтін болады

Kia зауытында 1500 адам жұмыс істейтін болады

Қостанайда салынып жатқан Kia зауытының 98 мың шаршы метрлік ғимараты жыл аяғына дейін салынып бітеді деп жоспарланып отыр. Бүгін аталған компанияның Президенті Хо Сун Сон өңірге келіп, құрылыс жұмыстарын барып көрді.

Әлемдік автогигант Kia Қостанайда жаңа зауыт салуды 2023 жылдың қараша айында бастаған. Жоба Мемлекет басшысының Оңтүстік Корея басшылығымен келісімінің арқасында жүзеге асырылып отыр.

Құрылыс барысымен танысқан Kia Президенті Хо Сун Сон Орталық Азия мен ТМД-да бизнесті дамытуда Қостанайдың тиімділігін атап өтті.
Бүгінге дейін жоспарланған 2 424 дана қада қағылып болды. Жыл аяғына дейін 98 мың шаршы метрлік ғимарат салу жоспарлануда.

 

“Мемлекет жобаға жан-жақты қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, колледждер мен жоғары оқу орындарында кадрлар даярлауды қолға алды. Зауыттың толыққанды жұмысын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті инженерлік коммуникациялар, кірме жолдар мен темір жол салынуда. Нәтижесінде 1 500 жаңа жұмыс орны құрылып, жылына 70 мың автокөлік құрастырылатын болады”, – деп атап өтті Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.

Суреттерді түсірген – Б.КӨРКЕМБАЕВ

Жаңалықтармен бөлісу