Бүгін түстен кейін ауа райының күрт жылынуынан «Қарабұтақ-Комсомол-Денисов-Рудный-Қостанай» тас жолының 254 шақырымына жақын маңда су тасыды.
Оңтүстік өңірдегі су басқан аймақтарды ұшу кезіндегі кадрлар көрсетілді
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың зардап шеккен аймақтарға ұшу сапары барысында орасан көлемдегі су басқан жерлер кадрға ілінген.
Полицейлер су басқан аудандардан адамдарды эвакуациялау жұмыстарын жалғастырып жатыр
Олардың әр қимылын полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин бақылып отыр. Облыстың оңтүстік аудандарында ТЖ басталғаннан бері полиция қызметкерлері құтқарушылармен бірге 530-дан астам адамды эвакуациялады.
Ауыл тұрғындары үйлерін су тасқынынан аман алып қалды(ВИДЕО)
Қостанай облысында екінші апта табиғи апатқа қарсы күрес жалғасып жатыр. Үйлер су астында қалды, адамдар эвакуацияланды, мүлікке зиян келтірілді. Алайда, жергілікті тұрғындардың үйлесімді әрекеті табиғи апатқа қамал алғызбайтынын дәлелдеді.
Қостанайдағы қазақ театрына жаңа директор тағайындалды
Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратов І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры ұжымына Асхат Мұратұлы Зауатбекті таныстырды.
Жол саласының болашақ мамандары танымдық экскурсияға шақырылды
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының Қостанайдағы өкілдері автожол колледжінің студенттерімен кездесті.
Қостанай ауданында тасқынға қарсы қам-қарекет басталды
«Қазгидромет» мамандарының деректері бойынша, жуырда ауа температурасы +20 градусқа дейін көтеріледі. Мамандар алда жаңбыр жауады деп болжап отыр.
Алғаш рет хоррор жанрында ұялы телефонға түсірілген веб-сериалдың тұсаукесері өтті
«Концерт залы» атты сериал бірінші болып «Қазақстан» кинотеатрында көрерменге жол тартты.
Арқалық қалалық білім бөлімінің басшысы жатақханаға уақытша орналастырылған тұрғындардың балаларымен кездесті
Елімізде орын алған су басу апаты Арқалық өңір үшін де сынақ болды. Су тасқынынан зардап шеккен «Қызылжұлдыз», «Екідің» ауылының тұрғындары қауіпсіз жерлерге дер кезінде көшірілді.
Жаңа жоба, тың тәсіл
Соңғы үш жылда облыс орталығында жеке кәсіп ашқандардың саны 30%-ке артқан. Наурыз айының басындағы дерекке сүйенсек қалада 31 919 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген.