Қостанай ауданында тасқынға қарсы қам-қарекет басталды

Қостанай ауданында тасқынға қарсы қам-қарекет басталды

“Қазгидромет” мамандарының деректері бойынша, жуырда ауа  температурасы +20 градусқа дейін көтеріледі. Мамандар алда жаңбыр жауады деп болжап отыр.

Осыған байланысты, Қостанай ауданына су тасқыны қаупі төніп тұр.

“Біздің аймақ қауіпті аймақта.  Өйткені Ресей Федерациясынан ірі өзендерге су келеді деген болжам бар. Су тасқынына қарсы штаб қажетті іс-шаралардың барлығын дер шағында қабылдауға дайын”, – деп атап өтті аудан әкімі Берік Таңжарықов.

Халықты эвакуациялау, сондай-ақ үй жануарларын құтқару орындары мен маршруттары анықталды. Қазіргі уақытта гидропосттар қойылып жатыр.

“Нақты қауіп төнген жағдайда, халықты алдын ала қауіпсіз орындарға көшіру жүргізіледі. Аудан тұрғындарына  аулалардан қарды барынша шығарып, өз күштерімен су өткізу арналарын тазартуды, өткел қазуды сұраймын”, – дейді аудан әкімі.

Жаңалықтармен бөлісу