Бүгін түстен кейін ауа райының күрт жылынуынан “Қарабұтақ-Комсомол-Денисов-Рудный-Қостанай” тас жолының 254 шақырымына жақын маңда су тасыды.
Аталмыш учаскеде екі су өткізгіш құрылғысы бар. Ол жердегі екі құбыр толыққанды жұмыс істеп тұр.
“КАЖсервис” ЖШС Қостанайдағы филиалының мамандары тәулік бойы кезекшілікті бекітіп, оқиға орнына қажетті жол белгілерін, сигнал тіректері мен ілгіштерді орнатты. 4 арнайы техника мен 9 маман жұмылдырылды.