Қостанайдағы  қазақ  театрына жаңа директор тағайындалды

Қостанайдағы  қазақ театрына жаңа директор тағайындалды

Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратов І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры  ұжымына Асхат Мұратұлы Зауатбекті таныстырды.

Сала басшысы театрда алда атқарылар жұмыстар мен шешімін күткен істерге тоқталып өтті. Театр көрермендердің ұлттық рухани қазынамыздан нәр алатын орны болғандықтан, оның репертуарында да алдымен ұлттық әдебиетімізге, қазақ драматургиясының маржандарына  басымдық берілуі керектігі айтылды.

Құралбек Бүркітбайұлы осыған дейін  өнер ордасына басшылық еткен Азамат  Чукеевке рахмет айтты.

Театр  ұжымы да, көрермендер де өнер ордасында жаңа леппен атқарылар игі істердің мол боларына, оның сұлулық пен ұлттық рухани тәрбиенің қара шаңырағына айналарына сеніммен қарайды.

Жаңалықтармен бөлісу