Қостанайдың “Тобылы” Қазақстан кубогының ширек финалында “Астананы” қабылдады.
Кездесудің алғашқы минуттары “Тобылдың” толассыз шабуылдарымен басталды. Жартылай қорғаушы Жаслан Жұмашев гол соғатын бірнеше мүмкіндікке ие болды. Әл-Мессауди, Игорь Иванович, Чеснаков үштігі ойынның жиырмасыншы минутында нәтижесін берді. Игорь Иванович Ислам Чесноковке тамаша пас берді. Өскемен футбол мектебінің түлегі бұл мүмкіндікті мүлт жіберген жоқ. Екінші таймда есеп өзгеріссіз қалды. Осылайша қостанайлықтар жартылай финалға шықты.