Полицейлер су басқан аудандардан адамдарды эвакуациялау жұмыстарын  жалғастырып жатыр

Полицейлер су басқан аудандардан адамдарды эвакуациялау жұмыстарын  жалғастырып жатыр

Олардың әр қимылын полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин бақылып отыр. Облыстың оңтүстік аудандарында ТЖ басталғаннан бері полиция қызметкерлері құтқарушылармен бірге 530-дан астам адамды эвакуациялады.

Полицейлер тәулік бойы эвакуацияланған тұрғындардың мүлкінің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізеді.

“Күшейтілген режимде жұмыс істеудеміз. Қазіргі уақытта облыстың автожолдарын 21 жерден шайып кетті. Оның біреуі республикалық, бесуі  облыстық және он үші жергілікті маңызы бар автожолдарда болған. Басты міндет-қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазіргі тұрақсыз су тасқыны жағдайына біз автокөліктерді өткізе алмаймыз”, – деп атап өтті ПД бастығы Ерлан Файзуллин.

Облыс бойынша қоғамдық тәртіпті сақтау және су тасқынына қарсы іс-шараларға 150 полиция қызметкері мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 100 әскери қызметшісі 49 техника бірлігіне жұмылдырылды.

Полиция департаментінің базасында жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді.

ПД жағдай қиындаған жағдайда қызметкерлердің де , техниктердің де резерві дайындалғанын атап өтті.

Жаңалықтармен бөлісу