Жол саласының болашақ мамандары танымдық экскурсияға шақырылды

Жол саласының болашақ мамандары танымдық экскурсияға шақырылды

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының Қостанайдағы  өкілдері  автожол колледжінің студенттерімен кездесті.

Жол активтерінің сапа орталығы – жолдар мен жол төсемдерін сынау және зерттеу қалай жүргізіліп жатқанын өз көздерімен көре алатын орын.

Мұнда олар жол құрылысы мен жөндеу саласында қолданылатын инновациялық технологиялар туралы білді.

Жол төсемдерінің беріктігін, тозуға төзімділігін және басқа да сипаттамаларын анықтау үшін қолданылатын зертханалық жабдықтар мен құрылғыларға ерекше назар аударылды.

Экскурсия соңында студенттер ұйымдастырушыларға орталықтың жұмысымен танысу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдіріп, алған білімдері мен тәжірибелері олардың өз саласында нағыз кәсіпқой болуға көмектесетініне сенім білдірді.

Жаңалықтармен бөлісу