Орталық саябақтағы А.Байтұрсынұлы ескерткіші жанында «Білім беру навигаторы» іс-шарасы өтті. Мектеп оқушылары ЖОО-ға немесе колледжге түсу жолдары туралы ақпарат алды. Акцияға 6 ЖОО мен 14 колледждің консультанттары қатысты.
Зейнеткерлер енді зейнетақы жинағын үй сатып алуға немесе емделуге пайдалана алады
2023 жылғы 1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекс аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ) зейнетақы жинақтары бар еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлерге тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге ақы төлеуге өздерінің зейнетақы жинақтарының барлық сомасын пайдалануға құқық беріледі.
Ұстаздарға сыйлық беруге бола ма?
Биыл Қостанай облысында оқу жылын 111 мың оқушы аяқтайды, оның ішінде төрт мыңнан астамы түлектер. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында Қостанай облыстық білім басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Данагүл Сүйіндікова баяндап берді.
Алуан түрлі гүлдерді бейнелеген Зейнеп
«Менің әлемім» байқауының қатысушысы Зейнеп Сәбитбек. 8 жаста.
Мейірім Теміржан: «Менің отбасым»
«Менің әлемім» байқауында 7 жасар Мейірім Теміржан да бақ сынамақ.
Келесі қатысушымыз Мерей Теміржан
«Менің әлемім» байқауының келесі қатысушысы Мерей Теміржан.
Қостанайда Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтеді
2023 жылғы 5 маусымда «Жастар сарайы» ғимаратында (Қостанай қ., Юбилейный ш/а, 56) сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Қостанай облысы мемлекеттік органдарының басшылығы «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күнін» өткізеді.
Марат Жүндібаев: «Жер заңнамасын бұзғандар жазалансын»
Бәріміз мемлекеттен жер телімдерін алуды қалаймыз. Ал, оны игеруге келгенде салғырттық танытушылар көп. Болашақта берілген жерді уақытында пайдаланбаса, қалалық әкімдік тиісті шара қолданбақ. Бұл жайында қала әкімі Марат Жүндібаевтың қатысуымен өткен аппарат жиналысында айтылды.
Арқалықта 102 оқушы «Жыл үздігі» атанды
Арқалықта аяқталғалы тұрған оқу жылының қорытындысы бойынша халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі білім додаларына қатысып, үздіктер қатарынан көрінген 102 оқушы мен оларды жарысқа сапалы дайындаған 81 ұстазға қала әкімінің «Алғыс хаты» мен ақшалай сыйлықтары берілді.
Астананың 25 жылдық мерейтойына орай журналистер байқауы жарияланды
Астана қаласының әкімдігі журналистер арасында елорда туралы үздік жарияланымдар мен сюжеттерге байқау жариялады. Байқауға қатысуға барлық қазақстандық журналистер шақырылады.