Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде және таңертең Абай, Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр аралас қар және қар жауады деп күтілуде. Кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін.
«Жүргізушілерден барынша сақ болуды, жылдамдық режимі мен арақашықтықты сақтауды, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды және мүмкіндігінше аса қажеттілік болмаса, жолға шықпауды сұраймыз. Әсіресе көлік шиналарының жағдайына назар аудару қажет. Жазғы дөңгелектермен жүру көліктің тайып кету және жол-көлік оқиғасына ұшырау қаупін едәуір арттырады», деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».
