Сайлау заңнамасын бұзу – заң алдындағы жауаптылыққа әкеп соғады!

Сайлау заңнамасын бұзу – заң алдындағы жауаптылыққа әкеп соғады!

Қостанай облысының прокуратурасы ескертеді!

Сайлау заңнамасының талаптарын бұзу заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Атап айтқанда, ӘҚБтК-нің 120-бабында сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу шарттарын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.

Сонымен қатар, депутаттыққа кандидаттардың, олардың сенім білдірілген адамдарының немесе саяси партиялардың басқа кандидаттың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтер таратуы, сондай-ақ сайлаушыларды сатып алуы тек әкімшілік жауаптылықпен шектелмейді.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 104-бабына сәйкес, мұндай құқық бұзушылықтар кандидаттарды немесе партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға не кандидатты партиялық тізімнен шығаруға негіз болады.

Азаматтардың назарына!

ӘҚБтК-нің 101–126-баптарында көзделген сайлау құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс қозғау прокурордың айрықша құзыретіне жатады (ӘҚБтК-нің 805-бабы).

Сонымен бірге, азаматтар өздерінің сайлау құқықтары бұзылған жағдайда сотқа тікелей жүгінуге құқылы (ӘҚБтК-нің 807-бабы 1-бөлігінің 4-тармағы).

Мұндай істер сотта прокурордың міндетті қатысуымен, алайда прокурордың қаулысынсыз қаралады.

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлаудың қоғам мен мемлекет үшін айрықша маңызын ескере отырып, сайлау науқанының барлық қатысушылары заңнама талаптарын қатаң сақтауға міндетті.

Қостанай облысының прокуратурасы сайлау заңнамасының бұзылуына жол бермеу және әрбір анықталған құқық бұзушылық фактісі бойынша заңда көзделген барлық шараларды қабылдау бағытындағы жұмыстарды қамтамасыз етеді.

Заң талаптарын сақтаңыз! Сайлау құқықтарын құрметтеңіз!

Сурет: zakon. kz