Жітіқара аудандық сотында сот шешімін орындамай келген азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотпен анықталғандай, аудандық сотының 2024 жылғы 28 наурыздағы сот бұйрығымен одан кәмелетке толмаған екі баланы асырауға алимент өндірілген. Алайда, былтырдан бері әлгі азаматтың 987 000 теңгедан астам берешегі жиналып қалған.
Жәбірленуші азаматша сотта алиментті тұрақсыз төлейтінін түсіндіріп, соңғы рет ол одан 2026 жылғы ақпанда 10 000 теңге алғанын айтты. Оған дейін 2025 жылғы маусымда алған.
«Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 25-бабы 1-бөлігіне сәйкес, атқарушылық құжатты орындамағаны үшін борышкер әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін», – екенін хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сот отырысында азаматтың әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны дәлелденді. Іс бойынша барлық мән-жайларды және құқық бұзушының жеке басын ескере отырып, сот 20 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі әкімшілік жаза тағайындады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Сералы МЫРЗАБАЙ
