Жеңіл атлетикадан жарыс өтті

Жеңіл атлетикадан жарыс өтті

Ұзынкөлде Петр Адамович Нередті еске алуға арналған жеңіл атлетикалық жүгірістен жарыс ұйымдастырылды. Федоров ауылының тарихында із қалдырған Петр Нередті құрметтеуге қатысушылар мен жерлестері көптеп жинады.

Естелік жарысқа жүзден астам адам, Ұзынкөл ауданының әуесқой спортшылармен қатар Рудный және Қостанай қалаларынан спорттық командалар немесе қарапайым тілмен айтқанда, «AllurRunclub», «Runinjoy» және «Неразнактим» бірлестіктерінің мүшелері, қонақтар қатысты. Жас ерекшелігіне қарай қатысушылар бірнеше санатқа бөлінді. 9-11, 14-17, 18-35, 36-55 жас аралығында және 56 жастан жоғары азаматтар да өз бақтарын сынап көрді. Жүгіру басталмай тұрып қатысушылар бұлшық еттерін қыздыру үшін жеңіл дене шынықтыру жаттығуларын жасады.

 

Ұзынкөл ауданының әкімі Марат Жұрқабаев құттықтау сәтінде тәжірибелі спортшыларды шақырып, жастарға шабыт беру мақсатында бәсекелестікті арттыру қажеттілігіне тоқталды.

– Мұндай жаппай спорттық іс-шара біздің ауданымызда көптен бері алғаш рет өтіп жатыр. Біз тәжірибелі желаяқтарды шақырып, олар біздің спортшыларымызға бәсекелес бола білсін деп, ынталандыруға тырыстық. Оларды көріп, олардың дайындығына деген жауапкершілігін байқаған жастардың арасында жүгірумен айналысуға деген қызығушылықты арттырғымыз келді, – дейді аудан әкімі Марат Жұрқабаев.

Жеңіл атлетикалық жүгіру салтанатты ашылуымен басталды, онда аудан әкімі Марат Жұрқабаев пен Петр Нередтің жұбайы Александра Неред қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Менің жұбайым көптеген жылдар бойы қарапайым механизатор болып еңбек етті. Содан кейін ол өндірістің алдыңғы қатарына шықты, ал біраз уақыттан кейін өзінің «Веста» ЖШС басшысы болды. Ол әрқашан өзінің туған ауылы мен аудан тағдыры үшін алаңдады. Біздің ауданға әсер ететін ауыл тұрғындарының кез-келген жақсы бастамасын қолдай білді. Ал бүгін өтіп жатқан естелік жарысқа қатысушыларды көріп, тағы да бір қуанар еді, – деп жұбайын еске алды Александра Неред.

Таңертеңгі жарыстың алдында, жарысқа дейін бір сағат ішінде қатысушыларды әр түрлі жас топтарына сай 2,4, 5 , 21 шақырым қашықтықтарда тіркеуден өткенін атап өтейік. Олар 9 жастан 60 жасқа дейін және одан жоғары диапазонда болды. Содан кейін салтанатты ашылудан кейін жарыстың мәресі сызығы кесілді.

 

Қатысушылар қашықтыққа байланысты үш толқында 10-15 минуттық қысқа аралықпен басталды. Маршрут бойында ұйымдастырушылар жүгірушілер жолда қалыс қалмау үшін адамдарды қолдарына белгі беріп орналастырды. Ал мәре сызығында оларды қатысушының естелік лентасы мен банан немесе апельсин жемісі қосылған су бөтелкесі күтіп тұрды. Сонымен қатар, қалғандарын күтіп тұрған кезде қашықтықты кесіп өткендер, бір стақан ыстық шайдан ауыз тиді. Шынында да, 21 шақырым қашықтықтағы ең ұзақ қашықтыққа қатысушы оны аяқтау үшін бір жарым сағаттан астам уақыт жұмсады.

– Сайыс жоғары деңгейде өтті. Барлығы өте керемет ойластырылған. Спорттық мерекенің атмосферасы айқын сезіледі. Ал ауа-райы өзі жүгірушілердің жағында болғандай. Күн шайдай ашық, жеңіл жел соғып, күш пен қосымша мотивация берді, – деп түсіндірді жеңіл атлетикадан спорт шебері және жарысқа қатысушылардың бірі Татьяна Нерознак.

Айта кету керек, аудандық мәдениет үйінің алдындағы орталық алаңда Ұзынкөл тұрғындары үшін спорттық мерекенің басынан аяғына дейін түрлі конкурстар өткізілді, онда жарысқа қатысқан балаларға да тәтті-тәпсектер үлестірілді. Барлық жеңімпаздар жүлделі орындармен және сыйлықтармен марапатталды.

Жарыстың жас санатындағы жеңімпаздары:

9-10 жастағы қыздар арасындағы жарыстан – Любовь Кольцова мен Элизабет Кольцова,

9-10 жастағы ұлдар арасындағы жүгіруден – Мирас Амангелдинов,

11-13 жастағы қыздар арасындағы жүгірістен – Элина Тишина,

11-13 жастағы ұлдар арасынан – Семен Лаптев,

14-15 жастағы қыздар арасынан – Олеся Грабовенко,

14-15 жастағы ұлдар арасындағы сайыстан – Евгений Бабанин,

16-24 жастағы ұлдар арасынан – Даур Доспулов,

25-29 жастағы ер адамдар арасынан – Қуаныш Мұхтаров,

ерлер 30-39 (5 км) – Мирас Демесінов,

30-39 жас аралығындағы әйелдерден (5 км) – Татьяна Нерознак,

40-49 жас аралығындағы әйелдерден (5 км) – Анжела Беймена,

40-49 жас аралығындағы ерлерден (5 км) – Константин Рашевский,

50-59 жас аралығындағы ерлер арасынан (5 км) – Нұрлан Жақантаев,

60 және одан жоғары жастағы ер адамдар арасынан (5 км) – Қаныбек Абдикаримов,

30-39 жастағы ер адамдар арасынан (21 км) – Ренат Каримов,

30-39 жастағы әйелдер арасынан (21 км) – Анар Каримова,

40-49 жастағы әйелдер арасынан (21 км) – Наталья Сунсина,

40-49 жастағы ер адамдар арасынан (21 км) – Дмитрий Каптел,

50-59 жастағы ер адамдар арасынан (21 км) – Вячеслав Гаранин,

50-59 жастағы әйелдер арасынан (21 км) – Лариса Денисенко,

60 жас және одан жоғары әйелдер арасынан (21 км) – Күләш Төлебаева,

ерлер 60 жас және одан жоғары жастағылар арасынан (21 км) – Сергей Поликарпов.

 

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Ұзынкөл ауданы

Жаңалықтармен бөлісу