Өрт қауіпсіздігін сақтамағандарға 1 млн теңгеден астам айыппұл салынды Сурет: t.me/qostanai_tjd_dchs

Өрт қауіпсіздігін сақтамағандарға 1 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Жыл басынан бері қалада 144 өрт тіркелген. Өкінішке қарай, тілсіз жаудың кесірінен екі адам қаза тапқан.

“Былтыр 168 өрт тіркелген еді. Сондай-ақ, тоғыз адам қаза болды. Өрттің дені тұрғы үй секторында, өндірістік мақсаттағы ғимараттарда, сауда кәсіпорындары мен ашық аумақтарда жиі орын алады. Сондай-ақ, көліктердің жануы да аз болмай тұр. Осы жылы өрт қауіпсіздігін сақтамағандарға 1 млн теңгеден астам айыппұл салынды”, – деп хабарлады қалалық ТЖ басқармасының бастығы Аслан Махмұтов.

Статистика дерегіне жүгінсек, өрттің 63 пайызы тұрғын үйлерде болады. Ал оның себебі, отты сақтанып пайдаланбау, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, тұрмыстық электр құралдарын орнату және пайдалану кезінде ережені өрескел бұзуынан туындаған.

Жаңалықтармен бөлісу