Жастарды қолдау жөніндегі Өңірлік кеңестің отырысы өтті

Жастарды қолдау жөніндегі Өңірлік кеңестің отырысы өтті

«AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалында Қостанай облыстық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі Аймақтық кеңестің отырысы өтті. Кеңес жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері, салалық мамандар және өңірдің түрлі қоғамдық және кәсіби салаларынан келген Кеңес мүшелері қатысты.

Отырыста өңірдегі жастардың дамуына тікелей әсер ететін негізгі мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – жасөспірімдер мен жастарға психологиялық және наркологиялық көмек көрсету қолжетімділігі болды. Кеңес мүшелері жастармен жұмыс істейтін лекторлар мен психологтарды сапалы дайындаудың, сенім телефондары мен психологиялық қолдау қызметтері туралы ақпаратты өңірдегі білім беру ұйымдарына тарату қажеттігін талқылады. Арнайы көңіл тәуекел топтарын қалыптастыруға, ата-аналармен жиналыстар мен сауалнамалар арқылы жұмыс жүргізуге, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыру тәсілдерін талдау мен жетілдіруге бөлінді.

«Денсаулық сақтау басқармасы психологиялық мәселелердің алдын алу мақсатында дәрістер өткізуді жоспарлап отыр. Алайда, тек дәстүрлі лекция форматында өткен іс-шаралар кезінде кейбір студенттер спикердің айтқанын толық түсінбей қалуы мүмкін. Осыған байланысты жаңа, интерактивті форматтарды енгізу қажет. Мысалы, психологиялық қиындықтарды бастан өткеріп, емделіп шыққан адамның өз өмірлік тәжірибесімен бөлісуі студенттер үшін шынайы кейс ретінде қабылданып, олардың қызығушылығын арттырады әрі мәселені тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сенім телефондарының байланыс нөмірлерін кеңінен тарату маңызды. Әсіресе студенттік жатақханаларда және оқу орындарында ақпараттың қолжетімді болуы жастардың дер кезінде көмек алуына ықпал етеді», – деді кеңес мүшесі, А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің бухгалтерлік есеп және басқару кафедрасының оқытушысы Диана Рақпанова.

blank

Күн тәртібіндегі екінші мәселе – 2026 жылға арналған Кеңес жұмысы жоспары болды. Кеңес мүшелері жұмыс бағыттарын, соның ішінде білім беру және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруды талқылады. Ұсыныстар қатарында – әскери бөлімдерге экскурсиялар, 2–3 Кеңес мүшесімен аудандарға қоғамдық қабылдау форматында шығу, сондай-ақ студенттік жатақханалардың жағдайын тексеру рейдтері болды.

blank

Отырыс жастар мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері арасындағы пікір алмасу, ұсыныстар мен бастамаларды әзірлеу үшін маңызды алаңға айналды, бұл Қостанай облысының жастарына кәсіби, жеке және әлеуметтік дамуға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

blank

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суреттерді ұсынған – AMANAT» партиясының

баспасөз қызметі