Жаңа қойылым көрермендерге жол тартады

Жаңа қойылым көрермендерге жол тартады

Ілияс Омаров атындағы қазақ драма тетрында Шыңғыс Айтматовтың шығармасына негізделген қойылымға дайындық жұмыстары жүргізілді. Ғажайып туынды алдағы уақытта сахна төрінде көрермендерге жол тартпақ.

«Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет»  спектаклі дәстүрлерімізді сақтау, жас ұрпақты қорғау және ұрпақтан-ұрпаққа берілетін даналық туралы баяндайды.

Айтматовтың балалық шағындағы өмірбаяндық естеліктері, оның көркем шығармасымен тығыз байланысты осы таныс оқиғаға заманауи көзқарасты ұсынады.

«Кириск деген балаға үлкендер өз ұрпағының тарихын, күші мен даналығын аманат етіп қалдырады. Ол нағыз ер адам болуға тура келетін сапардан өтеді. Алайда, кейбір сынақтар еңсерілмейтін болып шығады. Төзе алмастықта күшіңді қалай жоғалтпауға болады? Өзіңізді қалай сақтауға болады? Соңына дейін қалай жетуге және тірі қалуға болады? Бұл сұрақтар біздің өмірлік таңдаулар мен сынақтарды бейнелейтін спектакльде басты орын алады», – дейді Қойылымның режиссері Даниил Филиппович.

Автордың өмірбаяны мен балалық шақтағы естеліктеріне негізделген «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» поэмасы бірнеше рет Нобель сыйлығына ұсынылған болатын.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Суреттерді түсірген Жансая Сәбитбек