Жаңа өзгерістер – қоғамның дамуына жасалған нақты қадам

Жаңа өзгерістер – қоғамның дамуына жасалған нақты қадам

Жоғары педагогикалық колледжінде оқытушылармен бірге «Халық таңдауы – елдің стратегиялық бағыты» тақырыбында интерактивті лекция ұйымдастырылды.

Кездесуде референдум қорытындылары талқыланып, Ата Заңымыздың маңыздылығы туралы ойлар ортаға салынды.

«Референдум нәтижелері ел өміріндегі нақты өзгерістерге жол ашты. Бүгінде көпбалалы және әлеуметтік осал отбасыларға берілетін жәрдемақылар мен қолдау шаралары артып келеді. Отбасы құндылықтарына ерекше көңіл бөлініп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету – жастардың басты міндеті екені кеңінен насихатталуда. Жастардың тәрбиесіне, ата-анаға қамқор болуына бағытталған бастамалар күшейтілуде. Білім саласында мұғалімдердің жалақысы өсіп, олардың мәртебесі артып келеді», – деді колледж директоры Жомарт Құсайынов.

Студенттер мен жастарға жаңа мүмкіндіктер ашылып, гранттар саны көбейіп жатқанын атап өтті.

«Аймақтарда жаңа мектептер мен әлеуметтік нысандар салынып, халыққа қолайлы жағдай жасалуда. Денсаулық сақтау саласында қызмет сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Бұл өзгерістер – әр отбасының тұрмысын жақсартуға, қоғамның тұрақты дамуына бағытталған нақты қадамдар», – деді оқу орын басшысы.

Қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, ел болашағына қатысты маңызды мәселелерді бірге талқылады.

Осындай ашық пікір алмасу – қоғамның дамуына үлкен үлес қоса бермек.