Костанайда облыстық коалиция мүшелерінің «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлерімен кездесуі өтті. Оның барысында жаңа Конституция жобасы және 15 наурызда өтетін республикалық референдум мәселелері талқыланды.
Жиында Дина Жанарстанова мен Аружан Сарсенбаева Негізгі заңға енгізілетін өзгерістердің негізгі бағыттарын жан-жақты түсіндіріп, олардың елдің одан әрі дамуы үшін маңызын атап өтті. Әсіресе басқару жүйесін жаңарту, қоғамдық келісімді нығайту және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріне назар аударылды.

Коалиция өкілдері алдағы референдумның ел дамуы жолындағы маңызды қадам болатынын атап өтті.
Ашық диалог форматында өткен кездесуде қатысушылар пікір алмасып, өзекті сұрақтарды талқылады және дауыс беру қарсаңында түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын жеткізді.
