Конституция – мемлекеттің ең басты заңы

Конституция – мемлекеттің ең басты заңы

Конституция-елдегі барлық заңдардың негізі деп білемін.

Менің ойымша, Конституция елдегі тәртіп пен әділдікті сақтап тұратын негізгі тірек сияқты. Ол әр адамның құқығын қорғайды және мемлекеттің қалай жұмыс істеу керектігін анықтап беретін заң.

Конституция – бұл жай ғана заңдар жинағы емес, ол халықтың еркіндігі мен бірлігінің көрінісі. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданып, еліміздің демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екенін бекітті.

Конституцияның басты маңызы:

♦️Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау;

♦️Заң үстемдігін қамтамасыз ету;

♦️Билік тармақтарының жұмысын реттеу;

♦️Елдегі тұрақтылық пен тәртіпті сақтау.

️Егер Конституция болмаса, қоғамда ретсіздік пен әділетсіздік көбейер еді. Сондықтан, әр азамат Конституцияның талаптарын орындауы қажет.

Конституция – мемлекет тірегі, ал оны сақтау – әрбір азаматтың борышы.

📚Тағы бір айта кетітін жайт мен үшін, Конституциядағы әркімнің білім алуға, еңбек етуге, денсаулығын сақтауға, сөз бостандығына құқығы бар болуы әр Қазақстандық тұлға үшін маңызды. Сонымен қатар, азаматтардың міндеттері де бар: заңды сақтау, басқа азаматтардың құқықтарын құрметтеу, әрине Отанынмызды қорғау.

Биылғы яғни, 2026 жылғы конституциялық реформа — жай қосымша түзетулер емес, толық жаңа Конституцияны қабылдау туралы жоба және ол 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумға шығарылады.

Қорыта, қарапайым тілмен айтқанда, Конституция – еліміздің «Ережелер кітабы». Егер бәрі осы заңға сүйеніп әрекет етсе, қоғамда тәртіп болады. Сондықтан мен Конституцияны әр адам білуі және құрметтеуі қажет деп ойлаймын.

Тоты Айтмағамбетова,

тілдерді оқыту орталығының директоры