Учаскеге бірінші келген дауыс берушіге сыйлық берілді

Учаскеге бірінші келген дауыс берушіге сыйлық берілді

 Бүгін, 15 наурыз күні елімізде жаңа Конституция жобасын қабылдау бойынша жалпыхалықтық референдум басталды. Осыған орай таңғы сағат 07:00-де №3 референдум учаскесі өз жұмысын бастады.

Әнұран шырқалған соң, өз дауыс берушілеріне есігін айқара ашты. Мұнда 1500-ге жуық тұрғын өз таңдауын жасамақ.
– Дауыс беру процесін заң талаптарына сәйкес өткізу үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Комиссия мүшелері толық құрамда жұмыс істеп жатыр, бақылаушылар да қатысуда. Әрбір азаматтың өз таңдауын жасауға мүмкіндік бар, – деді учаскелік комиссиясының төрағасы Гүлнара Кучикова.
blank
         Алғашқы болып өз таңдауын жасауға келген жанның бірі – Амантай Исмағамбетов. Тиісінше бірінші болып таңдау жасаған соң, сыйлыққа да ие болды. Ол бұл референдумның елдің болашағын айқындайтын маңызды қадам екенін жеткізді. Осылайша азаматтық борышын орындауға келгенін айтады.
blank
          – Бүгін референдумға қатысып, алғашқылардың бірі болып дауыс бергеніме қуаныштымын. Бұл – еліміздің болашағына қатысты маңызды тарихи сәт. Әрбір азамат өз таңдауын жасап, мемлекетіміздің дамуына үлес қосуы керек деп ойлаймын. Сондықтан ерте келіп, азаматтық борышымды орындауды жөн көрдім, – деді алғашқылардың бірі болып дауыс берген сайлаушы Амантай Исмағамбетов.
blank
         Референдум учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында дауыс беруге құқығы бар барлық азамат өз учаскесіне келіп, референдумға қатыса алады.
        Айта кетейік, Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 11 ақпанда референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.