Жексенбі күні Қытайда жаңа Конституция бойынша республикалық референдумға арналған дауыс беру учаскелері ашылды.
Олар Қазақстанның Бейжіңдегі елшілігінде, сондай-ақ Қазақстанның Шанхай, Сиань және Гонконг қалаларындағы бас консулдықтарында жұмысын бастады.
Жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 07:00-де қазақстандық дипломаттар мен сайлау комиссияларының мүшелері Қытайдағы дауыс беру учаскелерінің ашылу салтанатын өткізіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындады.
