Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген жаңа автожол жобаларын жүзеге асыру, өңіраралық жолдар желісін дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы Үкіметте қаралды.
Премьер-министр Олжас Бекенов Елімізде негізгі халықаралық көлік дәліздері стратегиялық бағыт ретінде қалыптасып келе жатқанын, ендігі кезекте өңіраралық жолдарды дамытуға көңіл бөлу қажеттігін айтты.
«Қарағанды – Жезқазған», «Бейнеу – Сексеуіл» және басқа да жобалар бойынша биыл барлық қажетті жобалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтап, қаржыландыру және жер учаскелерін резервке қою мәселелерін шешу керек. Астана, Арқалық және Ырғызды байланыстыратын «Орталық – Батыс» жобасын жеделдету қажет, – деді Премьер-министр Олжас Бектенов.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға аталған мәселені бақылауға алу тапсырылды.
Ал Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге «Орталық – Батыс» жобасын үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз ету жүктелді.
