Торсық Қырғыз еліне аттанды

Торсық Қырғыз еліне аттанды

Астанада бір аптаға ұласқан V дүниежүзілік көшпенділер ойыны салтанатты түрде аяқталды. Көшпенділер ойындарының басты символы – су толтырылған торсық Қырғызстанға тапсырылды.

Енді VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2026 жылы Қырғыз елінде өтеді.

Жалпы, біздің елдің спортшылары жалпы командалық есепте бірінші орында жеңіп алды.

Қазақстанның қоржынында 43 алтын, 34 күміс, 37 қола медаль бар. Қырғызстан 19 алтын, 21 күміс, 25 қола медаль еншілеп, екінші орынға тұрақтады.

Үздік үштікті Ресей қорытындылады. Олар 12 алтын, 10 күміс, 25 қола медаль жеңіп алды.

Көшпенділер ойындарының жабылу салтанатында ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов сөз алып, Қазақтың мәдени мол мұрасы әлемге паш етілгенін мәлімдеді .

Айта кетейік, 8-13 қыркүйек аралығында өткен додаға 89 елден 2500-ге жуық спортшы қатысты.

Әлібек ЫБЫРАЙ

Фото t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Жаңалықтармен бөлісу