Қасиетті Құрбан айт мейрамын Торғай жұртшылығы да ерекше ілтипатпен атап өтуде. Бозала таңнан мешіттерде айт намазы оқылып, қазақы салт-дәстүр ұстанымы бойынша пісірілген көже таратылды.
Спорттық іс-шаралар еркіндік алып, жанкүйерлерін маңайына көптеп топтастырды. Ауданның абыз ақсақалдары өскелең ұрпаққа батасын беріп, ақшаңқан киіз үй ішінде кең дастархан жайылып, жамағатқа дәм берілді.
«Құрбан айт мерекесін мешітімізде жиналған жамағатпен айт намазын оқудан бастадық. Айт намазы оқылғаннан кейін мешіт алаңқайында түрлі спорттық жарыстар өткізілді. Барша отандастарымызды ұлық мейраммен шынайы пейілімізбен, ыстық ықыласымызбен құттықтаймыз. Жер бетінде бейбітшілік орнап, адамзат баласының бір-біріне деген құрметі мен ізгі амалдары қанат жая берсін. Айттан айтқа аман-есен жете берейік», – дейді Жангелдин аудандық мешітінің бас имамы Айдос Әбдісалықов.

Жарыс жеңімпаздары мадақталып, жүлдегерлерге лайықты құрмет көрсетілді.
Мұрат Жүнісұлы
Жангелдин ауданы
