“Төтенше жағдай қазақстандықтарды біріктірді”

“Төтенше жағдай қазақстандықтарды біріктірді”

Бұл Жанкелдин ауданы Тәуіш ауылының тұрғыны Бақытбек Орғариннің пікірі.

Өзі айтқандай, халқымыз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, су тасқыны зардаптарын жұмыла жеңді. Табиғи апат кезіндегі жанқиярлық үлгілері әлі күнге дейін халық есінде. Сондай батырлардың бірі – осы Бақытбек Орғарин.

«Ауылдастарымның ауласына ағын судың тез жақындап келе жатқанын көріп, көмекке ұмтылдым. Бастысы, адамдарды аман алып қалу үшін жанталастық. Басқаларды құтқарып жатқанда, өз үйіме судың қалай кіргенін де байқамай қалдым», – деп еске алады Бақытбек Серікпайұлы.

Тексеріс жүргізіліп, тұрғын үйге келтірілген залал бағаланды. Бүгінде Орғариндер отбасы күрделі жөндеу жұмыстарын бастап кетті.

«Мемлекет бізді қиын-қыстау күндері жалғыз қалдырған жоқ. Менің үйім бағаланып, қалпына келтіруге жарамды деп танылып, үйді жөндеуге есепшотыма шамамен 2 миллион 800 мың теңге аударылды. Уақтылы көмек үшін көп рахмет», – дейді ол ризашылықпен.

Сурет пен материалды ұсынған – “ҚР АШМ АӨК МКК Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы” ММ

Жаңалықтармен бөлісу