Чемпиондыққа үміткер көршілердің қорғанысы осылай сыр берді. Бірінші допты Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетіп жүрген Ислам Чесноков жеке-дара қорғаушыларды алдап өтіп, бұл жолы оң аяғымен қақпаны дәл көздеді. Тоғызыншы голымен Футболдан ел чемпионатының мергендер көшін бастады.
Ол ойынның 32 минуты болатын. Бұдан кейін де Ақтөбе абдырап қалды. Агбо Уче оңбай тәртіп бұзып, алаңнан қуылды.
Екінші таймда Ахмет Әл-Мессауди мен Давид Энен қарсыластар алаңына сол қапталмен кірді. Ахмет Эненге әуелетті, ол болса командаласына допты қайта қалдырды. Алдына келгенге Ахмет аяғын қойып үлгерді.
Үшінші доп алаңға жаңадан шыққан Еркін Тапалов пен Руй Коштаның тамаша комбинациясымен жүзеге асты. Бұл жұптың осы әрекеті бұған дейін де іске асып, Кошта ойыннан тыс қалған. Екінші рет портургалиялық қателескен жоқ.
Қазір қостанайлықтар 27 ұпаймен алтыншы орында келе жатыр. Басқа командаларға қарағанда, “Тобылдың” екі ойыны кем. Жүлде бұйыра ма, жоқ па деген сұрақ әлі де бар.