Тазалық айлығы басталды

Тазалық айлығы басталды

Қостанай қаласы әкімдігінде өткен аппарат отырысында қала әкімі Марат Жүндібаев тазалық айлығы басталғанын хабарлады. Қостанай қаласында санитарлық тазалық айлығы 25 қыркүйек пен 25 қазан аралығында жүргізіледі.

Сондай-ақ, шаһар басшысы 28 қыркүйек, бейсенбіде жалпықалалық сенбілікке шығатынын айтты. Қала тұрғындарын, мемлекеттік мекемелердің, өзге де ұйым басшыларын қаланы қоқыстан арылтуға шақырды.

Айта кету керек, қоқысты полигонға шығару жұмысы тегін жүргізіледі. Әр кәсіпорын жинаған қоқысын шығару үшін “Айкөмек” ахуалдық орталығына өтініш беруі қажет.

– Алдағы қыс мезгіліне дайындалайық. Барлығымыз жұмыла кірісіп, қаланы тазалауға атсалысайық, – деді Марат Жүндібаев.

Сурет газет мұрағатынан алынды

Жаңалықтармен бөлісу