Жарыс маусымы аяқталды

Жарыс маусымы аяқталды

Заречный кентіндегі «Арғымақ» ипподромында Қостанай облысында 2023 жылғы жарыс маусымының жабылуы және қостанай жылқы тұқымы үшін 1600 және 2400 метрге тегіс жарыстар, 7000 метрге құнан бәйге және 20000 метрге аламан байга республикалық турнир өтті.
Жарыс маусымының жабылуына Қостанай облысы әкімінің орынбасары Р.З. Мұхаметқали және Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Н. Б. Мұқанов қатысты деп хабарлайды облыстық спорт басқармасынан.
Жарысқа Қазақстан Республикасы облыстарының және Қостанай облысының аудандарының өкілдері қатысты.
1600 метрлік Ұшқыр бәйгеге  “Диктор” жүлдесі берілді. Ақмолалық Самғау атты сәйгүлік бәрінен бірінші келді. Одан кейін Қостанайлық Быстрая Звезда мен Ақмола облысының Золотойы мәреге жетті

 

2400 метрлік Ұшқыр бәйгеге   “Неон” жүлдесі тағайындалды.  Қостанайлық Айбат Қабажаевтың Нұржайнасы барлығынан қара үзді.  екінші, үшінші орын Ақмола облысынан келген Барбара мен қостанайлық Сардарға бұйырды.  Құнан бәйге 7000 шақырымға белгіленді. “Қазанат” жүлдесі үшін  Асқар Төребаев Қаңтармен жеңімпаз атанды.  Соңдарын ала Қостанайдың Мамыры мен  Балқасқа да жетті.

Аламан бәйгеге де кезек келді. Онда жүйріктер  20 шақырымды айналып өтті. Осылайша,  қостанайлық Либерия аламан бәйгеде бас жүлдені иеленді. Шабандозы – Ильясов Самир жиналғандардың қошеметіне ие болды. Ақмолалық Занзибара екінші, қостанайлық Патриот үшінші келді.

Жаңалықтармен бөлісу