Аманкелдіде ерен тұлғаның ескерткіш тақтасы ашылды

Аманкелдіде ерен тұлғаның ескерткіш тақтасы ашылды

Батыр атындағы ауданда елге еңбегі сіңген айтулы тұлғалардың бірі — ел жанашыры, қоғам қайраткері Жаңбыршы Жаңғабыловқа кезінде өзі негізін қалаған, басшылық еткен А.Иманов атындағы мемориалдық музей үйінің қабырғасына ескерткіш тақта қойылды.

Жаңбыршы атамыз батыр атындағы ауданның төл тумасы. 1911 жылы 1 шілдеде дүниеге келген. Комсомол, партия жұмыстарына белсене араласады.

blankСоғыс жылдарында майданға самолет жасатуға қаржы жинап, тылдан киім-кешек жібертіп отырған.

blankblank«Ленин» колхозын құрып, «Кемер» ауылынан малшы-шопандардың балаларына арнап мектеп-интернат салдырады.

blankЕскерткіш тақтаның ашылу салтанатында аудан әкімі Қанат Кеделбаев, Аманкелді ауданының құрметті азаматы Мұхтар Ходенов, ізбасары, музей ісінің ардагері Ұлмекен Ибраева, қызы Ғалия Жаңбыршықызы, қарындасы Нәкен Сейітмағанбетқызы құттықтау сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті.

blank

«Бүгін біз Аманкелді елінің ардақты перзенті, туған халқына адал қызмет еткен, ел мен жер тарихын ұлықтауға зор еңбек сіңірген Жаңғабылов Жаңбыршы Жаңғабылұлының құрметіне орнатылған ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына жиналып отырмыз. Халқымыздың қаһарман ұлына арналған киелі орда – Аманкелді Иманов атындағы музейдің алғашқы басшыларының бірі Жаңбыршы Жаңғабылұлына ескерткіш тақта қою – өткенді ұлықтау, ел есінде мәңгі қалдыру жолындағы тағылымды іс», – деп атап өтті аудан әкімі Қанат Уәшұлы ескерткіш тақтаның ашылуында сөйлеген сөзінде.

Тарихи тұлғаның өмір жолы, елге сіңірген еңбегі кеңінен қамтылды. Ұрпақтары елге, облыс, аудан басшылығына зор алғыстарын білдірді.

blankblankҚарындасы Нәкен апа күмістен шашу шашты.

blankblankЕңбек ешқашан зая кетпейді. Іс — шараға жиналғандар музейдің қайраткерге арнаған «Тұлға.

blankblankҚайраткер. Мәдениет жанашыры» атты көрмесін тамашалады.

blankblankЕл азаматы еңбек жолында «Құрмет белгісі» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «В.И.Лениннің туғанына – 100 жыл» және бірнеше мерейтойлық медальдармен марапатталған.

blankІс-шара соңында ерен тұлғаның ұрпақтары атынан аудан мешітінің асханасында әруақтарға арналып ас берілді.

blankblankТолығырақ газетіміздің алдағы нөмірлерінің бірінен оқи аласыздар.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген автор

                                                                            Аманкелді ауданы