Тәубе мешіті жөндеуден өтті

Тәубе мешіті жөндеуден өтті

Арқалық қаласына қарасты тірек елді мекен Фурманов ауылындағы Тәубе мешіті қашанда жамағаты арылмаған көпшілік орындардың бірі.

«ҚМДБ – ның бекіткен бағыттары бар. Имамдардың міндетіне уағыз-насихат, жастарға ілім беру. Соған байланысты ниет еткен балалардың діни сауатын ашып жатырмыз. Ұлттық дәстүр-мәдениетімізді үйретіп, кішіпейілдік туралы көптеген насихат жүргізудеміз. Мешітімізге жәрдемші болған барша бауырларға алғысымызды білдіреміз. Елдің азаматтары, сыртта жүрге бауырларымыз, өзіміздің шәкірттеріміз мешітіміздің жағдайын жасап қойды», – дейді Тәубе мешітінің бас имамы Нұрхан қажы Бақтыбай.

Ауылдық мешіттің ағымдағы жөндеуіне демеушілердің көмегімен 4 миллион теңгедей қаражат жұмсалған. Іші толықтай ағартылып, екі қабатына түгелдей жаңа түкті кілем төселген. Ауласына жарықшамдар орнатылды.Тозығы жетіп тұрған құбырлары жаңартылды.

Мешіт жамағаттары да көмек қолын созудан тартынбайды. Алланың жердегі үйінің жаңғыруына олардың да айтарлықтай үлестері бар.

Нұрхан қажы Асанұлы елге сыйлы, аузы дуалы жан.

blank blank blank blank blank blank blank blank

Ол бұған дейін Арқалық қалалық «Мұхтасиб Әлмұхамед» мешітінің бас имамы болып ұзақ жыл жемісті қызмет атқарған.

«Дін жолындағы қызметімізді кезінде осы Фурманов ауылындағы Тәубе мешітінен бастаған едік. Міне, енді үйренген орнымызға қайта келіп жұмысымызды жалғастырып жатырмыз. Азаматтардың көмегімен басымызға жеке баспана да беріліп жатыр. Баршасына алғысымыз зор. Мешітіміздің тұрақты түрде келіп тұратын 30-40 жамағаты бар. Жұма сайын жиналып, намаздарын оқып, жиі басқосып тұрады. Қазір ауылымызда шаруашылықтың кеңсе үйінің төбесі шатырланып жатыр. Мұндай көріністер ауылға үлкен серпін береді», – дейді құрметті қажы.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

                                                                                                                     Арқалық қаласы.