«Шұғаның белгісі» шығармасының негізінде құрастырылған комикстің тұсауы кесілді

«Шұғаның белгісі» шығармасының негізінде құрастырылған комикстің тұсауы кесілді

Бейімбет Майлиннің мерейтойы қарсаңында жарық көрген жобаның авторлары – Қостанайдағы №1 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, республикалық «Үздік педагог» конкурсының жеңімпазы Эльмира Рақымова мен №17 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, гуманитарлық ғылымдар магистрі, педагог- зерттеуші, республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының жеңімпазы  Ақбота Ермағанбетова.

«Шұғаның белгісі» шығармасының негізінде жасалған комикстің авторлық құқығы “Әдеби туынды” ретінде рәсімделген. Облысы әкімдігі тапсырысы бойынша әзірленіп, Б.Майлин ауданынының қолдауымен жүз алпыс алты дана болып басылымға шықты.

«Бұл комикс облыстық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданып, қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. Дүние жүзі бойынша не бәрі екі ғасырдың ішінде комикстер үлкен серпіліс жасады десек те, қазақ тілді дайын комикстердің жоқтығын ескере отырып, сол кездегі Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев   пен білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаеваның қолдауымен жарыққа шыққан болатын», – дейді бұл туралы қалалық білім бөлімінің маманы Жанар Жұмағұлова.

Классикалық туындыға құрылған өңіріміздегі алғашқы комикс оқу үрдісінде көмек беретін үлкен құрал ретінде пайдаланатын болады.

Аталған іс-шара Бейімбет Майлиннің мерейтойына және «Біртұтас тәрбие» республикалық жобасы аясында ұйымдастырылды.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ