Қамысты ауданына қарасты Адаев ауылы – іргесі сөгілмеген, шаңырағы шайқалмаған елді мекеннің бірі. Бір кездері кеңестік шаруашылықтың ізі қалған бұл ауыл бүгінде жаңа тыныс алып, жаңаша даму жолына түсті. Кеңес заманында түтіні түзу ұшқан үш мың тұрғыны бар елді мекеннің бүгінде кемігенімен, тіршіліктің қалпы бұзылған жоқ.
Республикалық трасса бойында орналасқан Адаевта қазір 400-ден астам тұрғын бар. Әр аулада бақша, мал, құс – ауыл тіршілігінің ажырамас бөлшегі. Бірнеше ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатқан бұл ауылда бірлік пен ынтымақтың берік орныққаны аңғарылады.
– Қазір жағдайымыз түзеліп келеді. Үш жасымнан бері осы ауылда тұрып келемін. Қазір зейнеткермін, бірақ бау-бақша егіп, мал ұстап, тіршілік етіп келемін. Біздің ауыл халқы бірлігімен ерекшеленеді, – дейді зейнеткер Римма Семенова.
Адаевта соңғы жылдары инфрақұрылым саласында оң өзгерістер бар. Қыстың қақаған аязында көмір жағып, күл шығарып әуре болған күндер артта қалды. Көптен күткен көгілдір отын да ауылға жетті. Материалдың жалғасын газетіміздің алдағы сандарынан оқи аласыздар.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
