Бүгінде Әулиекөл және Аманқарағай ауылдарының тұрғындарының 48%-ы табиғи газға қосылған. Құсмұрын кентінде құны 3,4 млрд теңгені құрайтын газ тарату желілерінің құрылысы жүргізілуде. Жоспарланған 96 шақырымның 77 шақырымы тартылып үлгерді.
Сонымен қатар, Әулиекөл ауылынан Новоселов ауылын қамти отырып, Диев ауылына дейінгі құны 2,1 млрд теңгеге бағаланған газ құбырының құрылысы қолға алынған. Бұдан бөлек, Диевка ауылында 536 млн теңге болатын газ тарату желілерін салу жобасы жүзеге асырылуда.
«Бұл жобаларды іске асырғаннан кейін бес елді мекен көгілдір отынмен қамтылады, бұл 26,5 мың адамды қамтиды. Новонежин ауылында газ тарату желілерінің құрылысы бойынша жобаны сараптамаға тапсыру үшін құжаттарды дайындау жүргізілуде», – деді аудан әкімі.
Ал 33 елді мекеннің 29-ы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 13 елді мекенде орталықтандырылған су жүйесі жұмыс істейді. Новоселов, Юльев, Көктал және Первомай ауылдарында жалпы құны 3,4 млрд теңгені құрайтын ауыз сумен қамту құрылысы аяқталу сатысында.
«Аталған жобалар жүзеге асырылған соң халықты сумен қамту деңгейі 100%-ке жетеді. Чернигов (808 млн теңге) және Тимофеев (350 млн теңге) ауылдарында су құбырларын жаңғырту жобалары дайындалды. Сонымен қатар, Әулиекөл ауылындағы қолданыстағы су құбыры желілерін кеңейтуге (2,2 млрд теңге) және 72-ші теміржол айрығынан Новонежин ауылына дейін су құбырын тартуға (599 млн теңге) бағытталған жобалар бар», – деді Жансұлтан Тәукенов.
Жыл басында көше жарықтандыру деңгейі 86% құраған. Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру мен оған қызмет көрсетуге 262 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда құны 102 млн теңгені құрайтын жоба аясында сегіз елді мекенде жалпы ұзындығы 54 км болатын 90 көше жарықтандырылды.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Әулиекөл ауданы
