Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары шахматтан қалалық чемпионатта топ жарды.
9-сынып оқушысы Рамзан Байдәулетов 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында рапид шахматтан Қостанай қаласының чемпионатында І орын иеленді.
7-сынып оқушысы Әләзиз Смағұлов 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында І орын алып, жоғары шеберлігін дәлелдеді.
Бұл жетістіктер – тынымсыз еңбектің, зейін мен стратегиялық ойлаудың айқын нәтижесі.
Жас шахматшыларымызға алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!
