Мен 1965 жылы 14 қарашада Қостанай облысы, Семиозерный ауданы, Шолақ-Терек ауылында дүниеге келдім. Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша жоғары білімім бар.
Еңбек жолын 1982 жылы Қостанай облысы Семиозерный ауданының “Чернышевский” совхозында жұмысшы болып бастағанмын. 1991 жылдан 2000 жылға дейін Арқалық ПМКОПС тас қалаушы-монтажшысы, Чернышевский совхозының шебері, Алтынсарин ауданы Приозерный совхозының шебері, Приозерный совхозының №2 бөлімінің бухгалтері, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер болып жұмыс істедім.
2000 жылдан 2003 жылға дейін Приозерный ауылдық округінің әкімі қызметін атқардым. 2007 жылдан 2016 жылға дейін “Алтынсарин ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі” ММ басшысы, “Алтынсарин ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі” ММ басшысының орынбасары, “Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” ММ басшысы қызметін атқардым.
2017 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін “Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы” ММ басшысының орынбасары болып жұмыс істеймін.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында он жылдан астам жұмыс істей отырып, өңірдегі ең негізгі проблемалардың бірі жолдар екенін білемін. Инфрақұрылымды дамыту және жол салу – менің сайлауалды бағдарламамның негізі. Ауылға жол өткіземіз!
Қаражат кандидаттың сайлау қорынан төленді.