Аудан әкімі сарбаздарды мерекемен құттықтай барды

Аудан әкімі сарбаздарды мерекемен құттықтай барды

Бүгін, Отан қорғаушылар күніне орай, Қостанай ауданының әкімі Берік Таңжарықов әскери бөлімге арнайы барып, сарбаздарды құттықтады.

Аудан басшысы Төтенше жағдай уақытында халықтың қасынынан табылған жедел мақсаттағы батальонның сарбаздарын өз атынан грамотамен марапаттап, естелік қол сағаттарын табыстады.

“Бүгінгі мерекеге орай, әскери бөлімнің сарбаздарын құттықтай келіп отырмын. Бұл еліміздің басына түскен қиын жағдайда аудандырымызды су алып кеткенде сарбаздар берген анттарына адал болып, азаматтардың қасынан табылды. Осындай ер азаматтар қандай марапатқа да лайық”, — деді Б.Таңжарықов.

Жаңалықтармен бөлісу