Сарбаздар Отан алдында ант берді

Сарбаздар Отан алдында ант берді

Бүгін Қостанай қаласындағы Ұлттық ұланның 6697 әскери бөліміне Астана, Қарағанды, Жамбыл, Ақмола, ШҚО, облыстарынан шақырылған 155 жас сарбаз салтанатты түрде әскери ант берді. Сарбаздарға сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдіру үшін “Жеңіс” саябағына Қостанай қаласының әкімшілігі, Ұлттық ұлан “Орталық” өңірлік қолбасшылығы өкілдері, бөлімнің ардагерлер құрамы мен сарбаздардың ата-аналары жиналды.

“Ел алдында ант беру нағыз ерлердің ісі. Сол күннен бастап саптағы әр сарбаз Республикамыздың алдында, елін қорғау жолында қызмет етеді. Анттарыңа адал болыңдар, сарбаздар!” – деді 6697 әскери құрамының командирі полковник Талғат Әбдіров.

Айта кетейік, 6697 әскери бөлімі жарты ғасырдан астам уақыт көлемінде Қостанай, Жітіқара қалаларында сотталғандарды түзеу мекемесіне отырғызылғандарды күзету және қаламыздың ішкі тәртібін қорғау жолында аянбай тер төгіп, қызметтерін абыроймен атқарып жүр.

Жаңалықтармен бөлісу