«Ғасырлар пернесі»  фестивалі мәреге жетті

«Ғасырлар пернесі»  фестивалі мәреге жетті

Алтынсарин ауданында өтіп жатқан фестивальге барлығы 5 қазақ ұлт аспаптар ансамбльі қатысқан болатын. Фестивальдің мақсаты облысымыздағы аудан-қалалардың мәдениетіне, өнеріне, ұлттық ұжымдарға қолдау білдіру.

Биылғы фестиваль бұрынғыға қарағанда өзгеше форматта өтті. Олай дейтін себебіміз, сахнаға 1 емес 2 ансамбль шығып, шығармаларын кезекпен кезек орындап, соңғы орындалатын шығарманы бірге ойнады.

Фестиваль ережесіне сай әр ансамбль 1 ән мен 1 күй орындап, халықтың қошеметіне бөленді.

Қорытындысы бойынша өнер көрсеткен ұжымдарға арнайы 150 000 теңгелік сертификаттар мен мүсіншелер табысталды. Байқаудың ең үздік ұжымы Алтынсарин ауданының “Мұрагер” қазақ ұлт аспаптар халық ансамблі, жетекшісі Айбек Сыздыков, республикалық іс-шараға жолдама алды.

Іс-шараны облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы, Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды.

@culture_qostanai

Жаңалықтармен бөлісу