Сақ болыңыз! Алаяқтар жаңа тәсілді қолдана бастады Фото: www.gov.kz

Сақ болыңыз! Алаяқтар жаңа тәсілді қолдана бастады

Соңғы уақытта Uchet.kz және Qoldau.kz сервистерінің атын жамылған алаяқтар жалған SMS-хабарламалар таратып жатыр деп хабарлайды Polisia.kz.
Осыған байланысты киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті азаматтарды сақ болуға шақырады. Қаскүнемдер хабарламада “шұғыл, тез әрекет ету керек” деген сөздерді әдейі қолданып, адамдарды асықтырып, қорқытып жеке деректерін, логин мен парольдерін алуға тырысады. Негізгі мақсат – азаматтардың есептік жазбаларына және қаржылық қаражатына қол жеткізу.

Сақшы органдары мына жағдайдарды есте сақтауды ұсынады. Ресми сервистер мұндай мазмұндағы SMS-хабарламаларды ешқашан жолдамайтынын біле жүрген абзал. Күмәнді хабарламаларға жауап бермей, ондағы сілтемелерге өтпеген дұрыс. Жеке деректеріңізді (ЖСН, логин, пароль, банк картасының мәліметтері) SMS арқылы жібермеңіздер. Кез келген ақпаратты тек ресми сайттар мен сенімді дереккөздер арқылы тексеріп алған жөн. Жеке деректеріңіз бен қаржыңызды қорғап абай болыңыз.