Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадаға қатысушыларды тіркеу аяқталды. Облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша, биыл олимпиадаға облыстың 18 өңірінен 3160 оқушы қатыспақ.
Олимпиадаға Қостанай, Әулиекөл және Аманкелді аудандарының оқушылары үлкен қызығушылық танытып отыр. 13 пәннің ішінен ең көп қатысушы биология, Қазақстан тарихы және математиканы таңдаған.
Олимпиаданың бастапқы кезеңі ертең басталады. Өз пәндері бойынша ең жоғары балл жинаған оқушылар келесі кезеңге іріктеліп алынбақ