Арқалық қаласынан 100 шақырым жердегі “Жезқазған-Петрапавловск” автожолында жеңіл автокөлік ауа-райына байланысты жолдағы бағдарынан айырылып, жүргізушісі құтқару қызметіне көмекке жүгінді.
Құтқарушылар жедел әрекет етіп, көрсетілген координаттар бойынша келді. Салонда төрт адам болған. ТЖМ күштерімен олар Арқалық қаласына дейін еріп жеткізілді.
ТЖМ ауа райын ескеру және қыс мезгілінде жолдарда барынша абай болу қажеттігін еске салады.