Лисаков қаласында Жоғарғы Тобыл су қоймасының жанында бір жеңіл көлік қарға батып қалып, өздігінен жүре алмай қалған. Жанармайы бітуге жақындағанда баласын ойлаған әке 112 нөміріне қоңырау шалды.
Облыстық ТЖД мамандары оқиға орнына жедел келіп, жеңіл автокөлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарып, оны елді мекенге дейін ертіп барды. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.