Қарабалық ауданының Қайрақ ауылына жақын жерде құтқарушылар Тәжікстан Республикасынан Ресейге бара жатқан рейстік автобустың жолаушыларына көмек көрсетті.
Автобуста 70 жолаушы болған. Оның төртеуі балалар.
Техникалық ақаулықтан дизель жанармайы қатып, көлік жүре алмай қалған. Оқиға орнына ЖАО бірлесіп құтқарушылар келді. Жылыту құралының көмегімен жанармайды жылытып, аккумуляторды қоректендірді, содан кейін автобус қозғалысты жалғастыра алды.
Жолаушылардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Құтқарушылар төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне дереу қоңырау шалу қажет екенін ескертеді.