Аманкелді ауданының Амантоғай ауылынан 20 шақырым жерде “Әулиекөл-Жалдама” тас жолында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолаушылары бар 19 көлік қар құрсауына түсті.
Құтқарушылар 31 адамды, оның ішінде 5 баланы жақын жердегі жылыту пунктіне арнайы техникасымен жеткізді.
Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес еді. Азаматтар құтқарушыларға жедел көмек көрсеткені үшін алғыстарын білдірді.