Минск қаласында өткен халықаралық семинарда еңбекті қорғау мәселелері кеңінен талқыланды. Маңызды жиын еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тәжір елімен тәжірибе алмастыибе алмасу алаңына айналды.
Аталған іс-шараға Қостанай облысынан да делегация қатысып, өңірдегі тәжірибені таныстырды. Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері салалық кәсіподағы филиалының өкілдерін филиал төрағасы Хайдар Камбаров бастап барды.
Семинар барысында құрылыс саласындағы еңбекті қорғаудың заманауи тәсілдері мен тиімді тәжірибелері сөз болды. Әсіресе, өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қоғамдық бақылаудың маңызы ерекше сөз болды.
Бұл бағытта заң талаптарының сақталуын күшейту – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі екені айтылды.
Қатысушылар «Минскстрой» мекемесінің еңбекті қорғау орталығында болып, оқыту жүйесімен танысты. Сондай-ақ қауіпсіздік талаптары жоғары деңгейде сақталған құрылыс нысандарын аралап, озық тәжірибені көзбен көрді.
Пленарлық отырыста «Қостанай минералдары» акционерлік қоғамының өкілі Ильдар Семиндеров баяндама жасап, әлеуметтік әріптестіктің рөліне тоқталды. Оның айтуынша, қоғамдық бақылау мен корпоративтік сауықтыру бағдарламаларының үйлесімі – қауіпсіздіктің негізгі кепілі. Кәсіпорында жүзеге асырылып жатқан нақты жобалар да көпшілік назарына ұсынылды.
Жиында еңбек қорғау қызметі, өндірістік кеңес және кәсіподақ инспекторларының бірлескен жұмысы да талқыланды. Мұндай өзара іс-қимыл еңбек жағдайларын жүйелі бақылауға жол ашып, жұмыс орындарындағы қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жұмысшылардың денсаулығын сақтау мәселесі де назардан тыс қалмады. «Қостанай минералдары» АҚ-да енгізілген бағдарламалар медициналық қолдау, оңалту және әлеуметтік пакет арқылы қызметкерлердің әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

Жалпы, семинар қорытындысы көрсеткендей, еңбек қауіпсіздігі – тек мамандардың ғана емес, бүкіл ұжымның ортақ жауапкершілігі. Ал кәсіпорындар адам капиталына инвестиция салған сайын, өндірістегі қауіпсіздік мәдениеті де жаңа деңгейге көтеріледі.
Диана Алмасқызы,
ҚӨУ студенті
