ҚР Ұлттық ұлан әскерінің өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлімдегендей, Қостанай қаласынан елордадағы 5573 әскери бөліміне мерзімді қызметке жаңа сарбаздар салтанатты түрде жөнелтілген.
Ұлттық ұланның Қостанайдағы 6697 әскери бөліміндегі салтанатты шығарып салу рәсіміне жеке құрам, сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысып, Отан қорғау жолындағы алғашқы қадамдарын бастағалы тұрған жас ұландарға ақ батасын берді.

Болашақ жауынгерлерге әскери қызметтің жауапкершілігі, тәртіп пен абыройдың маңызы түсіндіріліп, олардың ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі ерекше атап өтілді.

6697 әскери бөлімінің басшылығы сарбаздарға сәттілік тілеп, Отан алдындағы борышты адал атқару әр азаматтың қасиетті міндеті екенін жеткізді. Ата-аналар балаларына қолдау білдірді.

Қостанайдан Астанаға аттанған жас сарбаздарға қадамдарына сәттілік, қызметтеріне табыс тіледі.
